Балалар мен ата-аналарға арналған «Цифрлық ортадағы мінез-құлық ережелері. Кіші жастан бастап киберқауіпсіздік. Гаджеттер және балалар» тақырыбында интерактивті тренинг-ойын

Балабақшада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында балалар мен ата-аналарға арналған «Цифрлық ортадағы мінез-құлық ережелері. Кіші жастан бастап киберқауіпсіздік. Гаджеттер және балалар» тақырыбында интерактивті тренинг-ойын өткізілді.

«Қауіпсіз бе, қауіпті ме?», «Жеке мәліметтерді қорға», «Не істер едің?» ойындары арқылы интернеттегі қауіптерді тану, жеке ақпаратты қорғау және күмәнді жағдайда ересектерден көмек сұрау ережелері қарастырылды. Ата-аналар балаларымен бірге гаджеттерді пайдалану жөніндегі отбасылық ережелерді талқылады.

Іс-шараның тәрбиелік маңызы — цифрлық қауіпсіздікті күнделікті өмірмен байланыстырып, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту. Қауіпсіздік ережелерін отбасында тұрақты қайталап, ересектердің жеке үлгісімен бекіту ұсынылады.

Қосымшалар: