«Ата- ананың алақаны - балаға саялы бақ»

30 қаңтар күні  «Жұлдыз» балабақшасында ата - аналарға арналған «Ат-а ананың алақаны - балаға саялы бақ» атты тренинг және «Үйдегі логопед» тақырыбында кеңестер өтті. Іс -шараға мектепалды даярлық топтаң   ата- аналар өкілдері қатысты. Кешкі кездесу дөңгелек үстел түрінде өтті.

Тренингтің мақсаты:  отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың   балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

Кездесу «Киіз үй» атты шаттық шеңберімен басталды. Ата-аналар үлкен киіз үйді құрып, жылы тілектерін айтты. Ұйымдастырушы логопед мұғалімдер  тренигте үй жағдайында баланың дыбысын қалай анық шығаруға болатын әдіс-тәсілдермен бөлісіп, артикуляциялық жаттығулар көрсетті, «Жұбын тап», «Рөлдік ойындар», «Балаға тыйым салу» тапсырмаларын ата -аналармен бірге жасады. Барлық ата-аналар қызығушылық танытып, іс-шараға белсенді қатысты, диалог, пікір-талас барысында өз ойларымен бөлісті. Логопед мұғалімдер ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, кездесуді «Махаббат күні» жаттығуымен аяқтады.

Трениг жоғары деңгейінде өтті, ата - аналар өз ризашылықтарын білдірді.

Қосымшалар: