Ортаңғы топтарда серуен іс-әрекетін ұйымдастыру

29 мамыр күні ортаңғы «Айгөлек» тобында «Желді бақылау»тақырыбы бойынша серуен іс-әрекеті өткізілді. Балалармен еркін қимылды ойын, еңбек, зерттеу іс-әрекеттері жүргізілді.

Балалармен бірге судағы қайықтар, желде айналатын ойыншықтар жасап уақытты тимді және қызықты өткізді.

Ортаңғы «Құлыншақ» тобында «Бұлттарды зерттеу» тақырыбында серуен іс-әрекеті ұйымдастырылды. Балалармен бұлттардағы бейнелерді танимыз атты шағын зерттеу жұмысы және қимылды ойын мен еңбек іс-әрекеті ұйымдастырылды.

«Көгершін» тобында «Бұлтты зерттеу» серуен іс-әрекеті жүргізілді. Бұлттардың түсін анықтау, бұлттардың бейнесін білеміз атты зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды.

«Балдырған» ортаңғы тобында «Құм салынған жерді зерттеу» тақырыбында серуен жүргізлді.

Балармен бірлесіп түрлі-түсті дымқыл құмдармен және құрғақ құмға сурет салу іс-әрекеттері жасалды. Гүлдерді егеміз еңбек жұмысы өткізілді. Сонымен қатар балалармен “Ойыншықтарды тап”, қимылды және еркін ойындары ұйымдастырылды.

 

Қосымшалар: