«Балабақша, мектеп және мен – біз тату отбасы»

«Жұлдыз» балабақшасында мектепалды даярлық топтарының арасында «Балабақша, мектеп және мен – біз тату отбасы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Педагог-психологтың, топ тәрбиешілері, музыка жетекшілерінің, сондай-ақ қазақ тілі мұғалімінің “Ақмол жалпы орта білім беретін мектебі” КММ педагог-психолог Кәрібай Жұлдызайдың қатысуымен өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бала дамуына бағытталған бірлескен жұмысты күшейту, білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және тиімді тәжірибе алмасу.Дөңгелек үстел барысында педагог-психолог баланың эмоционалдық және психологиялық дамуын қолдау жолдарына тоқталды. Мектеп пен балабақша музыка жетекшілері музыкалық-ойын әрекеттері арқылы баланың шығармашылық қабілетін, қимыл-қозғалысын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілі мұғалімі ойын арқылы баланың тілдік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және қызығушылығын арттыру бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.Іс-шара соңында қатысушылар бала тәрбиесі мен оқытудағы ойын технологияларының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыру жөнінде ұсыныстар айттылды.

Қосымшалар: