«Жұлдыз» МҚКК балабақшасы қызметкерлерінің кәсіби этика кодексі

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі

___________ О.А. Баранова

«_____» ____________ж.

 

«Жұлдыз» МҚКК балабақшасы қызметкерлерінің кәсіби этика  кодексі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1.«Жұлдыз» МҚКК балабақшасы педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби этика кодексі (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Заңына сәйкес келеді.

1.2.Кодекс білім беру үдерісіне қатысушылардың (тәрбиеленушілердің, тәрбиешілердің, әкімшіліктің, отбасының) арасындағы ара қатынасты реттейтін құжаттардың негізгі бөлігі болып табылады.

1.3. Кодекс дегеніміз білім беру үдерісіне қатысушылардың білім беру ұйымындағы педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі басшылыққа алатын кәсіпқой этика принциптері мен мінез-құлықтың негізгі қағидалары туралы келісімдіктің нәтижесі.

1.4.Кодекстің мақсаттары:

- кәсіби қызметін атқару үшін педагогикалық ұжым мүшелерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық қағидаларын орнату;

- педагогикалық қызметкерлердің беделін нығайтуға атсалысу;

- педагогикалық қызметкерлердің бырыңғай мінез-құлық қағидаларын жасап, қабылдау.

1.5. Кодекс білім беру жүйесінде Адам құндылықтарына, моральдық нормаларға, қоғам саласындағы педагогикалық  қызметке деген құрметке, педагогикалық қызметкерлердің өзін-өзі бақылауына негізделген қарым-қатынастың дамуына негіз болып табылады.

 1.6. Білім беруді жүзеге асырушы ұйыммен еңбек қатынаста тұратын және тәрбиеленушілерді оқытуға, тәрбиелеуге қатысты міндеттерді атқаратын педагогикалық қызметкер өз қызметінде Кодекстің ережелерін ұстағаны жөн.

 

II. Еңбек міндеттерін орындау кезіндегі педагогикалық қызметкердің этикалық мінез-құлық ережелері.

2.1. «Жұлдыз» МҚКК балабақшасының  педагогикалық ұжымы өз қызметінде адамның жоғары құндылығын, оның құқықтары мен бостандығын мойындауды, жеке өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұқпаушылықты, ар-намысын, адал есімін қорғауын негізге алады.

2.2. Балабақшамыздың  тәрбиешілері, мемлекет, қоғам мен азаматтардың алдындағы жауапкершілікті сезіне отыра, өздерін:

а) қызметін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыруға;

б) тәрбиеленушілердің және басқа да білім беру үдерісіне қатысушылардың ар-намысын құрметттеуге;

в) тәрбиеленушілердің танымдық белсендігін, дербестігін, ынтасын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық позициясын, салауатты әрі қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;

г) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық тұрғыдан негізделген және тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға;

д) тәрбиеленушілердің психофизикалық даму ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын ескеруге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуларына қажетті арнайы жағдай жасауға, қажет болса медициналық ұйымдармен бірлесіп әрекет жасауға;

е) еңбек міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін, жеке, мүліктің (қаржылық) және басқа да мүдделердің әсер етуімен байланысты әрекеттерді жоюға;

з) тәрбиеленушілерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) сыпайылық танытуға;

и) Қазақстанның және басқа мемлекеттер халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге, түрлі этникалық, әлеуметтік топтармен конфессиялардың ерекшеліктерін ескеруге, тәрбиеленушілердің ұлтаралық және конфессияаралық келісіміне жәрдемдесуге;

к) педагогикалық қызметкердің еңбек міндеттерін адал орындауына күмән келтіретін мінез-құлықтан, сонымен қатар өз беделіне немесе «Жұлдыз» МҚКК балабақшасының беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден аулақ жүруге мінедетті деп санайды.

2.3. Педагогикалық қызметкерлер кәсіпқойлықтың; мінсіз беделдің өнегесі болуға, тиімді жұмыс үшін қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастыруға ұмтылады.

2.4. Тәрбиешілер сыбайлас жемқорлық тұрғыдан қауіпті мінез-құлықты болдырмау шараларын қабылдауда, адалдықтың, бейтараптықтың, әділдіктің үлгісі болып табылады.

2.5. Еңбек міндеттерін орындау барысында педагогикалық қызметкерлер:

а) жынысы, жасы, расасы, ұлты, тілі, азаматтығы, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдайы, саяси немесе діни көзқарасы басқа адамдарға шыдамдылық танытады;

б) сыпайы, мейірімді, кішіпейіл, ұстамды, әділ, ұқыпты.

2.6. Педагогикалық қызметкерлер сыпайы, ұстамды, өнегелі, адамның ар-намысын құрметтейді, ашық.

2.7.Педагогикалық қызметкерлер сөйлеу мәдениетін ұстануға тырысады.

2.8. Педагогикалық қызметкерлер киімнің іскери стилін ұстанады.

 

III. Кодекс ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық

3.1. Педагогикалық қызметкерлердің Кодекс ережелерін бұзғаны «Жұлдыз» МҚКК балабақшасының Жарғысымен белгіленген алқалы басқару органының немесе білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы дауларды реттеу жөніндегі комиссияның отырыстарында қарастырылуы мүмкін.

3.2. Педагогикалық қызметкерлердің кодекс ережелерін ұстануы лауазымына сәйкестігін анықтау мақсатында педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау кезінде, тәрбиелеу қызметін жүзеге асырушы педагогикалық қызметкерлердің бұл жұмысты жалғастыруымен  сыйыспайтын бейморальды әрекет жасағаны үшін тәртіптік жаза қолданған кезде, сонымен қатар еңбек міндеттерін адал орындайтын қызметкерлерді марапаттау кезде ескерілуі мүмкін