Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

«Келісілді»                                                      Бекітемін:

Кәсіподақ комитетінің                                   «Жұлдыз» балабақшасы МҚКК

төрағасы орынбасары                                    меңгерушісі

________ Л.Г.Шарипова                                _______ О.А.Баранова

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы

                                                        ЕРЕЖЕ         

1.Жалпы ережелер

1.1.Бұл ереже МҚКК «Жұлдыз» балабақшасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның (бұдан әрі -Комиссия) қызмет тәртібін, мақсаттарын және құзыретін ацйқындайды. Комиссия төмендегі пункттер бойынша іс-шаралар кешенін жүйелі түрде іске асыратын кеңесші орган болып табылады:

-сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерді айқындап, оларды жою;

-сыбайлас жемқорлықтың балабақшаға енуінен тиімді қорғаныс механизмін жасау, балабақшада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;

-сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша мониторингтің және қызметкерлерге хабарлаудың бірыңғай жалпыбалабақшалық жүйесін құру;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу;

-қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің бойында сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелді ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша қоғам мен БАҚ-ын ынтымақтастыққа тарту.

1.2. Бұл ереженің мақсаттары үшін төмендегідей ұғымдар қолданылады:

1.3.Сыбайлас жемқорлық – адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

 1.4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға  ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.

1.5.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

1.6.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілері – мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, ұйымдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларын қалыптастыруға және жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалар, азаматтар. Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілері болып:

-педагогикалық ұжым, оқу-көмекші қызметкерлер және қызмет көрсетуші персонал;

-тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері);

-балабақша тәрбиеленушілеріне сапалы білім берілуіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар саналады.

1.7. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері – заңсыз пайда алу үшін қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделеріне қарамастан өз мәртебесін пайдаланатын, сонымен қатар мұндай пайданы заңсыз ұсынатын тұлғалар.

1.8. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі. 

1.9.Комиссия өз қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, МҚКК «Жұлдыз» балабақшасының Жарғысын, балабақша педагогикалық кеңесінің қаулыларын, балабақшаның басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатаросы Ережені басшылыққа алады. Осы ереже МҚКК «Жұлдыз» балабақшасы меңгерушісі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрайымы бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.

2.Комиссия міндеттері

Комиссия алдына қойылған міндеттерді орындау үшін:

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттарын әзірлеп, жүзеге асыруға қатысады.

-сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайлар мен себептерді жоюға бағытталған балабақшаның қызметін үйлестіреді.

-балабақшадағы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді жою шараларын жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар жасайды.

-қызметкерлердің, тәрбиеленушілердің, сонымен қатар басқа да білім беру үдерісіне қатысушылардың қызметтік мінез-құлықтарының жалпы принциптерін тәжірибе жүзінде қолдану сұрақтары бойынша балабақшаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді.

2.1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін айқындауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша құқыққорғау органдарымен әрекеттеседі.

3.Комиссияның қалыптасу тәртібі және қызметі.

3.1. Комиссия мүшелерінің құрамы балабақша қызметкерлерінің жалпы жиналысында қарастырылып, бекітіледі. Қарастырылу барысы және қабылданған қаулы жалпы жиналыс хаттамасында тіркеледі, ал Комиссия құрамы меңгеруші бұйрығымен бекітіледі.

3.2. Комиссия құрамына:

-педагогикалық кеңес өкілдері;

-оқу-көмекші қызметкерлердің өкілдері;

-балабақша қызметкерлері кәсіподақ комитетінің өкілдері.

3.3. Комиссия отырыстарына оны мүшелерінің қатысуы міндетті. Олар өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ. Комиссия отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Комиссия мүшесіне өз ұсыныстарын жазбаша түрде баяндаса болады.

3.4. Егер жалпы мүшелерінің үшетен екі бөлігі отырысқа қатысса, Комиссия отырысы заңды деп саналады. Егер қабылданған шешіммен келіспесе, Комиссия мүшесі өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы.

3.5.Комиссия мүшесі азаматтардың ар-намысына тиетін және Комиссияның қарастырылуынадағы басқа да құпия мәліметтерді жарияламау туралы міндеттемені өзіне ерікті түрде қабылдайды. Комиссияға келіп түскен ақпарат Дербес деректер және оларды қорғау Заңымен белгіленген тәртіпте ғана пайдаланыла алады.

3.6.Комиссия құрамынан төраға орынбасары және хатшы Комиссия төрағасы болып тағайындалады.

3.7.Комиссия төрағасының орынбасары, төраға жоқ кезінде, оның тапсыруы бойынша отырысты өткізеді. Комиссия төрағасының орынбасары өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

3.8. Комиссия хатшысы:

-Комиссия отырысына қажетті материалдарды, шешім жобаларын даярлайды;

-Комиссия мүшелеріне кезекті отырыстың өткізілу орнын, уақытын, күн тәртібін мәлімдейді, қажетті анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

4. Комиссияның құзыреті.

4.1.Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру бойынша балабақша бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.

4.2.Комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жетілдіру бойынша балабақша педагогикалық кеңесіне ұсыныстар жасау.

4.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін әзірлеуге қатысады.

4.4.Балабақша әкімшілігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына қатысты шығарған нормативтік құжаттарды сараптауға жәрдемдеседі.

4.5. Балабақша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысты жетілдіру туралы қсыныстарды қарастырады.

4.6.Қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, нормативтік құжаттарға толықтырулар енгізуге әрекеттеседі.

4.7.Комиссия қызметіне қатысты сұрақтарды зертеу үшін және сәйкес шешім қабылдау үшін жұмыс топтарынқұрады.

4.8.Комиссияның құзыреті, оның қалыптасы тәртібі және қызметі Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы ережемен, МҚКК «Жұлдыз» Жарғысымен айқындалады.

4.9.Қарастырылатын сұрақтарға байланысты Комиссия отырыстарына қатысуға Комиссия төрағасымен келісілгеннен кейін өзге тұлғалар шақырылуы мүмкін.

4.10.Комиссия шешімдері отырысқа қатысушы мүшелердің дауыс беруі арқылы қабылданады, хаттамаға тіркеледі. Комиссия тқрағасы қол қояды, қажет болған жағдайда меңгерушінің бұйрық шығаруы арқылы жүзеге асырылады. Комиссия мүшелері шешім қабылдаған кезде бірдей құқыққа ие.

5. Комиссия төрағасы

5.1. Комиссия отырысының өткізілу орнын, уақытын және күн тәртібіні белгілейді. Қажет болған жағдайда жұмысқа мамандарды қатыстырады.

5.2.Комиссия мүшелерінің және құрылымдық бөлімше жетекшілерінің ұсыныстары негізінде Комиссияның ағымдағы жылға жұмыс жоспарын, кезекті отырыстың күн тәртібін белгілейді.

5.3.Балабақшадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы педагогикалық кеңеске және Балабақшаның басқарушы кеңесіне мәлімдейді.

5.4.Өз орынбасарына, хатшыға және Комиссия мүшелеріне тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылайды.

5.5.Комиссия отырысының хаттамаларына қол қояды.

5.6.Комиссия төрағасы және Комиссия мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

6. Қоғамның және БАҚ-ның Комиссия қызметіне қатысуын қамтамасыз ету.

6.1.Оқу-тәрбиелік үдерестің барлық қатысушылары, қоғам өкілдері Комиссияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша өтініштерін ұсынуға құқылы. Бұл өтініштер Комиссия отырыстарында қарастырылады.

6.2.Комиссия отырыстарына  қоғам және БАҚ өкіледері шақырылуы мүмкін.  Комиссия төрағасының шешімі бойынша Комиссия қарастырған сұрақтардағы құпия емес ақпарат жариялау үшін БАҚ-на  берілуі мүмкін.

7. Өзара әрекеттестік

7.1.Комиссия төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы  және комиссия мүшелері:

-педагогикалық ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру және балабақшада әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмысты жетілдіру сұрақтары бойынша;

-балабақша әкімшілігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына қатысты шығарған нормативтік құжаттарды сараптау жұмысына жәрдемдесі сұрақтары бойынша;

-балабақша қызметкерлерімен және азаматтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына қатысты өтініштерді қарастыру бойынша;

- құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлықты ескерту (алдын алу) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін анықтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру бойынша әрекеттеседі.

7.2.Комиссия мемлекеттік биліктің атқару органдарымен, құқыққорғау органдарымен, Комиссия құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша салық және

басқа органдармен тығыз байланыста болады.

8. Өзгеріс енгізу

8.1.Осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комиссия төрағасы орынбасарының жаңа баспада Ерженің жобасын әзірлеуі арқылы жүзеге асырылады.

8.2. Балабақша қызметкерлерінің жалпы жиналысында Ережені қабылдағаннан кейін балабақша меңгерушісі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ережені бекітеді.

9.Тарату

9.1.Осы Ереже төменде көрсетілген тізімдемеге сәйкес қызметкерлердің немесе бөлімшелердің мекен-жайына міндетті түрде таратылады:

-балабақша меңгерушісінің оқу-тәрбиелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына;

-балабақша қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасына

-балабақшаның Қамқорлық кеңесінің төрағасына.

9.2.Осы Ереже МҚКК «Жұлдыз» балабақшасы сайтында жарияланады.

10.Құру, тарату, қайта құру, атын өзгерту тәртібі.

10.1. Комиссия балабақшаның педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша балабақша меңгерушісінің бұйрығымен құрылады, таратылады, қайта құрылады, аты өзгертіледі.