«Көңілді эстафета» ойын-сауық іс-шарасы
«Жұлдыз» балабақшасының мектепалды даярлық топ балаларымен «Ақмол жалпы орта білім беретін мектебінде» мектепалды даярлық сынып тобының балалары арасында ұйымдастырылған дене тәрбиесі бағытындағы «Көңілді эстафета» ойын-сауық іс-шарасы өз мақсатына жетті. Іс-шара балалардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарланып, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, ептілікке, жылдамдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды. Балалар ойындарға қызығушылықпен қатысып, бір-біріне қолдау көрсете білді. Эстафеталық тапсырмалар арқылы балалардың физикалық қабілеттері дамып, жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптасты. Қауіпсіздік ережелері толық сақталып, іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қорытындылай келе, «Көңілді эстафета» балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсерін тигізді.