Назар аударыңыз, балалар!

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында балабақшада «Назар аударыңыз, балалар!» апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты – тәрбиеленушілердің жол қозғалысы ережелері, қауіпсіз жүріс-тұрыс және төтенше жағдайларда әрекет ету туралы білімдерін бекіту.

Апталық барысында балаларға арналған «Бағдаршам» квест-ойыны ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер жол белгілері мен бағдаршам сигналдары туралы білімдерін ойын арқылы бекітті. «112 қызметі» тақырыбындағы іс-шарада балалар төтенше жағдайлар кезінде көмек шақыру тәртібімен және 112 бірыңғай нөмірінің қызметімен танысты.

Сонымен қатар ата-аналар мен балалардың қатысуымен «Менің қауіпсіз жолым» тақырыбында бірлескен суреттер дайындалды. Іс-шаралар балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген жауапкершілігін арттырып, балабақша мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.

Қосымшалар: