1 қазан - Халықаралық қарттар күні

01.10.2025

Бүгін біздің балабақшамызда ерекше күн өтті! 💐
Құрметті де қымбатты ата-әжелерімізге арналған Қарттар күніне орай балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен жүрекжылытарлық мерекелік шара ұйымдастырылды. 👵👴
Балаларымыз ән айтып, би билеп, тақпақтарын арнап, өздерінің сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетті. 🧒👧
Ата-әжелердің жүздеріндегі қуаныш пен ризашылық – біздің ең үлкен марапатымыз! 
Осындай әсерлі, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балғындарымыз үлкенді құрметтеуді, мейірімділік пен сыйластықты үйренеді.

Просмотров: 349


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу