Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер

14.11.2025

13 қараша күні мектепалды даярлық топтарында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді.
«Балбөбек» тобының тәрбиешісі А.С. Нажмиденова «Тамшының саяхаты»,
«Балдырған» тобының тәрбиешісі А.Н. Апсаматова «Табиғат — біздің досымыз» тақырыптарында балалармен қызықты тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

14 қараша күні мектепалды даярлық топтарында тағы бірнеше ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды:
«Колобок» тобының тәрбиешісі Л.Г. Шарипова «Табиғатты аялайық»,
«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Э.Т. Утебаева «Өсімдіктер — табиғат сәні» тақырыптарында балаларға табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында іс-шаралар өткізді.

Бұл іс-шаралар мектепалды даярлық топтарында балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға және тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін дамытуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 1504


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу