Мектепалды даярлық топтар арасында жаңа жылдық ертегілер

27.12.2025
Бүгін мектепалды даярлық «Айгөлек», «Балдырған», «Балбөбек», «Қарлығаш», «Колобок» топтары арасында өткен ертеңгіліктер нағыз сиқыр мен ертегі әлеміне айналды ❄️✨
Мерекеге тосыннан келген кейіпкерлер — Мыстан әже, Қар ханшайымы, Герда мен Каи, Атаманша, Кішкентай қыз, Бұғы балаларды ертегі желісімен жетелеп, қызықты оқиғаларға толы сәттер сыйлады 🦌🌨️
Ал көптен күткен ең басты қонақтар — Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің шырайын аша түсті 🎅🤍
Балалардың шат күлкісі, әсем ән мен әсем би, шынайы эмоциялар мен ғажайып сәттер бұл күнді ұмытылмас мерекеге айналдырды.
Әр баланың жүрегінде Жаңа жылға деген сенім мен ғажайыпқа толы арман қалды 🎄💫
Жаңа жыл баршаға қуаныш, жылулық пен сиқыр сыйласын! 🎁✨
Просмотров: 1829


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу