«Аутизм туралы ақпарат тарату және ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау»

02.04.2026

Балабақшамызда логопедиялық апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың басты мақсаты – педагогтардың аутизм туралы білімін кеңейту, аутизмі бар балалармен жұмыс жасауда тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру және инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету жолдары талқыланды. Бұл апталық – әрбір баланың мүмкіндігін ашуға, олардың қоғамда өз орнын табуына бағытталған маңызды қадам.

✨ Әр бала – ерекше. Әр бала – қамқорлық пен қолдауға лайық!

Просмотров: 332


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу