«Сөз әлеміне саяхат»

14.04.2026

Балалардың тілін дамытуға арналған қызықты іс-шара эстафеталық ойындар форматында өтті. Әртүрлі суреттер, ойындар мен тапсырмалар арқылы бүлдіршіндер сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдірді.
Эстафета барысында балалар белсенді қатысып, жылдам ойлау, дұрыс жауап беру және өз ойын анық жеткізу қабілеттерін көрсетті. Әр тапсырма олардың тіл байлығын арттырып, сөйлеуге деген қызығушылығын оятты.
✨ Қызықты әрі танымдық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениеті дамуда!

Просмотров: 1248


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу