«Аналар мектебі»
20.10.2026
Балабақшамызда «Аналар мектебі» аясында тағылымды іс-шара өтті. Аналарымыз балаларға бауырсақ пісіруді, жент пен құрт жасауды үйретіп, ұлттық тағамдарымыздың дайындалу жолдарымен таныстырды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұлттық тағамдарға деген қызығушылығын арттыру және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұраларымызды насихаттау.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз!
Просмотров: 552