«Әжемнің ертегісі – тәрбие көзі»
28.10.2026
Балабақшамыздың ортаңғы топтарында ерекше әрі тәрбиелік мәні зор кездесу өтті. Балаларға әжелеріміз ертегілер оқып, қызықты оқиғаларды әсерлі әңгімелеп берді. Ертегі тыңдаған бүлдіршіндер үлкен қызығушылық танытып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерімен танысып, жақсылық пен жамандықты ажыратуға, мейірімділік пен адамгершілікке үйренді.
Әженің жылы үнімен айтылған ертегілер балаларға ерекше көңіл күй сыйлап, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайта түсті.
Просмотров: 197