«Бірінші сынып оқушыларымен (мектепке дейінгі ұйымның бұрынғы тәрбиеленушілерімен) кездесу іс-шарасы»
«Жұлдыз» балабақшасында «Ақмол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бұрынғы тәрбиеленушілері – бірінші сынып оқушыларымен кездесу іс-шарасы өткізілді.Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларға мектеп пен балабақшаның айырмашылығы мен ұқсастығын көрсету, олардың өзара байланысын түсіндіру, балалардың мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыру және мектепке бейімделуін жеңілдету.Кездесу барысында мектепалды даярлық топ тәрбиешілері балаларға мектеп өмірі, сабақ кестесі, мұғалімнің рөлі мен оқушының міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Музыка жетекшісі балалармен бірге ән айтып, музыкалық сергіту сәтін ұйымдастырды.Дене тәрбие нұсқаушысы қимылды ойындар мен жаттығулар өткізіп, балалардың белсенділігін арттырды.Іс-шара барысында балалар балабақша мен мектептегі ортақ тәртіп, оқу мен ойынның ерекшеліктерін салыстырып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Кездесу балалардың қызығушылығын оятып, мектепке деген сенімділігін арттырды.Аталған іс-шара мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайтуға және балалардың мектеп өміріне табысты бейімделуіне ықпал етті.