"Педагогтің құқығы мен жауапкершілігі" атты әдістемелік тренинг

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, құқықтық сауаттылығын жетілдіру және өз міндеттері мен жауапкершілігін терең түсіндіру мақсатында «Педагогтың құқығы мен жауапкершілігі» тақырыбында әдістемелік тренинг өткізілді.

Тренинг барысында педагогтердің кәсіби қызметтегі құқықтары мен міндеттері, заң аясындағы жауапкершілігі, педагогикалық әдеп нормалары және білім беру үдерісіндегі құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жағдаяттық тапсырмалар орындап, тәжірибе бөлісті.

Қосымшалар: