«Тұзды бөлме»
09.10.2026
Бүгін балабақшамызда бүлдіршіндердің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Тұзды бөлменің» салтанатты ашылу рәсімі өтті!
🧂 Тұзды бөлме – балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға арналған ерекше орта. Мұнда балаларға жағымды әрі жайлы атмосфера қалыптастырылып, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды.Бұл игі бастама бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтуға, олардың балабақшадағы күндерін қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған маңызды қадам.
Балаларымыздың күлкісі сыңғырлап, дендері сау, көңілдері шат болсын!
Жаңа бөлмеміз бүлдіршіндерімізге қуаныш пен жайлылық сыйласын!
Просмотров: 415